Қарағандыда әкім орынбасары пара алды деп күдіктелуде

12 қыркүйек, 14:00

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Оған қатысты іс бір тәулікте қозғалған.

"Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары-жер комиссиясының төрағасының пара алғаны әшкереленген. Ол жер телімін ұзақ уақыт жалға алуға рұқсат алу мәселесіне қатысты оң шешім шығарғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сот күдіктінің кінәсінің деңгейін саралап, шешім шығаратын болады" делінген хабарламада.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже