Қарамағындағы қызметкерлермен ішімдік ішкен әкім орынбасары жұмыстан қуылды

17 шілде, 17:32

Павлодар облысында қоластындағылармен бірге отырып ішімдік ішкен аудан әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Жемқорлықпен күрес қызметі басшысы Айдар Тастеміровтің айтуынша, орынбасардың жұмыстан қуылуына қызметтік этиканы сақтамауы себеп болған.

«Жуырда этикаға қатысты отырыс кезінде Успен ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік қызметкер қоластындағылармен бірге отырып ішімдік ішкені үшін жұмыстан қуылды. Себебі, ол әкімшілік жауапкершілікті бұзып отыр», - деді Тастеміров.

Әкім аппаратындағылар орынбасар Жасұзақ Есіркеповтің жұмыстан шығарылуы туралы бұйрыққа қол қойылғанын растады. Сондай-ақ, Есіркеповтің тиісті құжатпен танысқандығы да хабарланды.
Кейін әкімнің орынбасарының үстінен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің 26 жастағы жетекшісі шағымданғаны белгілі болды. Ол мас күйінде көлік тізгіндегені үшін үш жылға көлік жүргізу құжатынан айырылған екен. Бұған ол бастығын кінәлауда.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже