Арыстағы жойқын жарылыс: Алматылық пен павлодарлықтар көмек қолын созды

24 маусым, 19:39

Павлодарда Арыс тұрғындары үшін көмек жинау штабы ашылды.

Алматы облысы ТЖД-да Түркістан облысы, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты өтініштер үшін қауырт желі құрылды.

Алматы облысының тұрғындары ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін "қауырт желі" арқылы хабарласа алады. "Қауырт желі" нөмірі: 8 (7282) 22-38-52.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Арыстан көшірілгендерге көмек көрсету акциясын бастады. Адамдарды эвакуациялау үшін көлікпен қамтамасыз етуге көмек көрсетіледі.


Қазіргі уақытта қажетті гуманитарлық көмек құрамына: азық-түлік, су, шырындар, балалар тағамы, бірінші қажеттілік заттары кіреді.

ҚХА барлық қазақстандықтарды, жастарды, еріктілерді үн қатуға және техногендік апаттан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге шақырады.

Гуманитарлық көмекті қабылдау орталығының мекен-жайы: Түркістан облысының Достық үйі, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, №9/3 үй.

Жұмыс уақыты: 24-25 маусым-тәулік бойы, 26 маусым-сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: + 7 (7252) 21-35-40..


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже