​Арыс әкімі: «Мен өзімнің не істеп, не қойғанымды жақсы білемін»

17 шілде, 17:40

Бұл туралы әкім Мұрат Қадырбек Арыстағы қоймаға жақын маңда берілген жер теліміне қатысты қойылған сұраққа жауап ретінде айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Заңсыз берілген жерлер туралы мәлімет менде жоқ. Әскери бөлімге жақын «Көктем-1» шағынауданында ешкімге жер берген жоқпын. Мен өзімнің не істеп, не қойғанымды жақсы білемін" деген ол жер телімі барлық тәртіп бойынша берілуі керектігін жеткізді.

"Жердің бәрі тәртіп бойынша берілуі керек, онымен келісемін толығымен. Сонымен қатар айтатын болсам, негізінен 2007 жылдан бастап жер беріле бастаған онда. Мендегі мәліметке сәйкес, 2007 жылы қаланың бас жоспары бекітілген, шекаралары анықталған. Сол шекара шеңберінде жерлер беріліп, үйлері салына бастаған. Жердің заңсыз, заңды берілуіне қатысты құзырлы органдар өз қорытындысын береді. Мен өзімнің тарапымнан онда жерді заңсыз берген жоқпын»,-деді Арыс әкімі Мұрат Қадырбек.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже