Арыс: Жарылыс кезінде істен шыққан тұрмыстық техникаларды мемлекет әпермейді

04 шілде, 18:24

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек айтты, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Арыс қаласында 700-ден астам тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарылыстан зақымданған үйлердің шатырлары, терезелері мен есіктері сынған. Ал өртенген үйлерде дүние-мүліктен бөлек, тұрмыстық техникаларға да нұқсан келген.

Арыстықтарға істен шыққан мүліктеріне қатысты мемлекет тарапынан арнайы өтемақы төленбейтінін айтқан қала әкімі әр адам басына төленетін көмек қаражат 100 мың теңгенің ішіне тұрмыстық техниканы жөндеу шығындары да кіретінін айтты.

"Қалада осындай нұқсан шеккен адамдар көп. Сондықтан әр адамға жүз мың теңгеден беріледі. Ал мал шығынын өтеу бойынша қосымша жұмыстар жүргіземіз",- деді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже