​Арыста 10 мыңға жуық снаряд фрагменті табылды

02 шілде, 02:23

Күні бүгінге дейін Арыс қаласының аумағында 9753 снаряд фрагменті табылған. Бұл туралы «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасары Ермиян Биятов арнайы брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Арыс қаласын жаппай тазалап жатыр. Бүгінгі күні 9 753 оқ-дәрі фрагменті табылды. Арыс қаласында шоғырланған екі мобильді топ тұрғындардан хабарлама алып отырған. Қазіргі таңға дейін бізге 272 шақырту келіп түсті. Барлық осы шақыртулар бойынша табылған оқ-дәрі фрагменттері залалсыздандырылды", - деді ол.

Ермиян Биятов өз сөзінде арыстықтардан қандай да бір күдікті зат табылса, саперларды шақыруды жалғастыруды сұрады. Өз сөзінде «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасары Арыстағы әскери бөлімше арсеналынан келетін қауіп жоқ деп сендірді. Себебі оқ-дәрі қоймасы өзге аумаққа көшіріледі. Әскери қызметшілер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттерді орындайды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже