​Арыста сенімге кірген әйел көршісінің атына үш рет несие рәсімдеген болып шықты

09 қыркүйек, 11:30

Полицейлер жүргізген жедел жұмыстардың нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталып, ол тұрғылықты мекенжайында құрықтады.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, күдікті әйелдің төленбеген несиесі болғандықтан, банк карточкасындағы ақшасын пайдалана алмаған. Сондықтан ақшаны табудың оңай жолын іздеп, оны іске асыру үшін көрші әйелді пайдаланған. Яғни, жәбірленуші көрші әйелге барып, банк карточкасына танысына айтып ақша салдырып, сосын шығарып аламын деп өтінген. Осылайша жалған сылтаумен жәбірленушінің құпия кодын, деректерін біліп алып, 3 банктен 300 мыңнан астам теңгеге онлайн-несие рәсімдеген болып шықты. Одан өзге жәбірленуші әйелдің шотына келіп түскен жүктілік кезінде берілетін бір реттік жәрдемақысы, жалпы сомасы 400-мыңнан астам ақшасын ұялы телефонмен басқару арқылы өз пайдасына жаратқан. Жалпы күдікті әйел өзінің көршісіне 700 мыңнан астам теңгеге шығын келтірген. Ол ешқайда кетпеу туралы және тиісті мінез-құлық туралы қолхат берді.

Аталған жайт Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеу бөлімінің тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Аталған іс тергеу амалдары толық аяқталған соң сотқа жолданады.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже