Арыстағы екі инкассатор өлімінің себебі белгілі болды

19 маусым, 10:30

Түркістан облысында екі инкассаторды өлтірді деген күдікпен қамауға алынған ер адам әріптестерін несиесінен құтылу үшін өлтіргенін айтқан. Бұл туралы Арыс аудандық сотына сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

"Қамалушы - 38 жаста. Оның бес баласы бар. 2007 жылдан бастап "Казпочтада" өз құрбандарымен бірге жұмыс істеді. Тұтқындалғанның айтуынша, адам өлтіруге екі банктегі несиесін жабу үшін және басқа да берешектермен есептесу мақсатында барған. Ол демалыста болған. Әріптестерінің ақша әкеле жатқанын біліп алдарынан шыққан. Жолай ала кетулерін өтінген. Артынша оларды өлтірген. Олардың біреуі - 53 жаста, екіншісі — 28 жаста. Олардың артында балалары қалды", - делінген хабарламада.

Арыс аудандық соты кісі өлтірді деген күдіктіге екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданды. Тергеу жұмыстарын Түркістан облысының Полиция департаменті жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында 7 маусымда қаскөй екі инкассаторды өлтірген. Сол күні олар Арыс қаласынан ауылға жол алып, одан кейін байланысқа шығуды тоқтатты. Олардың қызметтік автокөлігінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында инкассаторлардың мәйіті Арыс қаласынан 35 шақырым жерде табылған. Оларды қамалушы атып өлтірген.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже