Арыстағы жарылыс: Мәдениет және спорт министрлігі бір күнгі жалақыларын аударды

24 маусым, 22:16

Бұл туралы министр Ақтоты Райымқұлова өзінің фейсбуктегі парақшасында жариялады.

"Қадірлі достар.

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және бізге қарасты мекемелер ұжымдары жергілікті халыққа көмек көрсету қорының есебіне бір күндік жалақымызды аудару туралы шешім қабылдадық.

Жанашыр адамдарды көмек көрсетуге шақырамыз.

Реквизиттер: БИН 1805 4001 5308
ИИК KZ7594 7039 8991 3701 12
БИК ALFAKZKA в АО ДБ "Альфа-Банк"

#АрысБізБіргеміз",-деп жазды А. Райымқұлова.

Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы әскери бөлімдегі қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс орын алды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже