​Арыстағы жарылыс: Әрбір тұрғынға 100 мың теңге екі аптада беріле бастайды

01 шілде, 22:00

Жарылыстан соң бір реттік қаржылай көмек Арыстың бесіктегі сәбиінен еңкейген қариясына дейін беріледі. Ресми мәлімет бойынша Арыста 44 781 адам тұрады, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Арыс қаласында өткен брифинг кезінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев тұрғындарға берілетін көмекке тоқталып өтті.

«Арыс қаласына Премьер-министр Асқар Мамин бастаған делегация келіп, арнайы жиналыс өткізді. Онда қаланың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден беру жөнінде шешім қабылданды. Кішкентай сәбиден бастап зейнеткерлерге дейін аталған ақша беріледі. Қаладағы арнайы мәліметтер базасы арқылы 44 781 адамды анықтап, қаражатын аударамыз. Бұл жұмыстарды екі аптада аяқтап үлгереміз деп ойлаймын»,-деді облыс басшысының орынбасары.

Айта кетерлігі, бұл қаржылай көмекті алу үшін арыстықтарға еш жерге құжат өткізудің қажеті жоқ. База арқылы тұрғындар туралы мәлімет алынған соң олардың есепшоттарына қаражат аударылады. Ал он сегіз жасқа дейінгі балалардың ақшасы келісім бойынш әкесінің немесе анасының есепшотына түседі.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже