​Арыстағы жарылыс: Әскери қызметкерлердің жұмыстан жаппай кетіп жатқаны рас па?

02 шілде, 09:00

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Арыс қаласында орын алған жарылыстан соң әскери бөлімшедегі қызметкерлердің бірнешеуі жұмыстан өз еріктерімен кеткені туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Бұл жайтқа қатысты «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасары Ермиян Биятов жауап берді, деп хабарлайды Elitar.kz.


«Ондай ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешкім қызметінен кеткен жоқ, бәрі орнында. Ондай бірде-бір жайт орын алған жоқ»,-деді «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысынң орынбасары Ермиян Биятов Арыста өткен брифингтен соң тілшілер сауалына.

Еске салсақ, біз бұған дейін Арыста қала аумағында 10 мыңға жуық снаряд бөлшегінің табылғанын жазған болатынбыз. Саперлар жұмысы әлі де жалғаса бермек.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже