Арыстағы жарылыстан жарақат алғандардың біріне ота жасалып жатыр

24 маусым, 16:46

Осы сағатқа дейін 19 науқас ауруханаға өз еркімен келіп түскен. Олардың бесеуі жас балалар, қалғандары ересек азаматтар.

«Қазіргі таңда алғашқы көмек көрсетілді. Тексерулер өткізілді. Бес жас баланың төртеуі Нұрсәттегі облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Біреуі жағдайының жақсаруына байланысты үйіне қайтарлыды. Қалған ересек адамдардың төртеуі қазіргі таңда облыстық ауруханаға жіберілді. Қалғандары қазіргі таңда қажетті медициналық көмек алуда.Келіп түскен науқастар бақылауда. Қазіргі таңда бір науқасқа ота жасалып жатыр»,-деп хабарлады, қабылдау бөлімінің меңгерушісі Өткіржан Молдаханов.

Айта кетейік, бүгін 24 маусым күні таңғы уақытта Арыс қаласындағы әскери бөлімдегі қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болды. Тұрғындар эвакуациялануда.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже