Арыстағы жарылыстардан қаладағы 67 көшенің жамылғысы бүлінген

05 тамыз, 18:00

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Арыс қаласының жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, 17 сектордың 13-де төтенше жағдайлар салдарынан қала ішіндегі 67 көшенің жамылғысында ақаулар орын алғандығы анықталған. Қала көшелеріндегі ақауларды жою бойынша атқарылатын іс-шаралар аясында жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық 67 көшені заманауи талаптарғасәйкестендіру мақсатында, келесідей жұмыстар атқарылатын болады: 46,7 шақырым аяқ жол; 68,6 шақырым жолға 2 234 дана жарық шамдарын орнату; 7 шақырым велосипед жолы; 41 м3 суағар; жалпы аумағы 9 522 м2 көшенің жиектерін жөндеу.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған 13 аймақ бойынша 67 көшенің бүгінгі таңда 40 көшесінде жұмыстар жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 40 көшені қалпына келтіру жұмыстарына 60-қа жуық арнайы техникалар мен 110-нан аса жұмысшы тартылған.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже