Шымкенттегі түнгі клубта кокаин сатқандар сотты болды

22 тамыз, 18:25

Бұған дейін Шымкенттің түнгі клубтарының бірінен кокаин сатқан бойжеткен ұсталған болатын. Сотта ол басты куәгер ретінде куәлік берген, деп хабарлайды elitar.kz.

Ұлттық қауіпсіздік органдары 2017 жылы арнайы іс-шара барысында Шымкент қаласындағы түнгі клубтардың бірінен кокаин сатқан бойжеткенді құрықтаған. Ұсталған қыздан Қазақстанда өте сирек кездесетін кокоин табылған. Құрықталған бойжеткеннің үстінен ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

Тергеп-тексеру барысында бойжеткеннің көмегімен Мәскеуден кокаин тасымалдаушы өз сыбайластарымен бірге қолға түскен. Ұсталғандар ұзақ мерзімге қамауға алынса, тергеудегі көмегі үшін бойжеткен бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже