Ата-анасынан көз жазып қалған мыңға жуық арыстық балалар өз отбасына қайтарылды

25 маусым, 10:17

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

"Қазіргі уақытта Шымкент, Түркістан, Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш және Шардара аудандарында 47 халықты орналастыру орталығы жұмыс істейді. Барлығы 47 орталықта 4 мыңнан астам адам бар, оның ішінде 886 бала. ҚР БҒМ білім беру басқармасы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын мобильді топтар 945 баланы тауып, ата-аналарына берді, тағы 14 ата-анасын іздестіруде (24 маусым айының 23 сағаттағы жағдай бойынша). Сондай-ақ, эвакуацияланған балаларға арналған іс-шаралар кестесі әзірленді»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, Арыс қаласында 24 маусым күні орын алған жарылыстар салдарынан тұрғындар үйлерін асығыс тастап, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланды.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже