Ақтауда көлік тізгіндеген әйел атқа мінген балаларды қағып кетті (ВИДЕО)

12 маусым, 12:30

​Желіде көлік тізгіндеген жүргізушінің атпен шауып келе жатқан балаларды қағып кеткен сәтінің видеосы тарап кетті. Желідегі жазбаларға қарағанда бұл оқиға Ақтау қаласында орын алған.


inaktau.kz паблигінің мәліметінше, көлік тізгіндеген әйел ұялы телефонға қарап отырып, атпен шауып келе жатқандарды байқамай қалған. Бұл туралы куәгерлер айтып беріпті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметімен балалар ауруханаға жеткізілді. Аталған оқиға бойынша полицейлер іс қозғады.

Балалар мінген аттар жақын маңдағы "Ақбота" саябағына тиесілі. Үркіп қалған жануарлар да жарақат алған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже