Ақтөбеде мемлекеттік қызметке іріктеуден «Skype»​ арқылы өтуге болады

29 шілде, 12:30

Мұндай әдіс мемлекеттік органдардадың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстардың ашықтығын арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.


Департаменттегілердің айтуынша, «Skype» мемлекетт қызмет саласында жиі қолданысқа ие байланыстардың біріне айналған. Мәселен, департамент қызметкерлері, өткізілетін конкурстардың ашықтығын, жариялылығын және объективтілігін бақылайтын уәкілетті органның өкілдері ретінде, аудан деңгейінде өткізілетін конкурстарға «Skype» IP телефония бағдарламасының көмегімен процеске қатысады. Өз кезегінде бұл қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және іссапар шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Одан бөлек биыл жыл басынан бері облыстық соттың конкурстық комиссиясы әңгімелесуді бейнеконференция байланысы арқылы өткізе бастады.

«Жыл басынан бері біздің департаменттің қызметкерлері аудан және мемлекеттік органдармен өткізілген 30 іріктеу сатысына «Skype» видео желісі арқылы байқаушы ретінде қатысты. Осылайша, облысымыздың мемлекеттік қызмет саласында инновациялық ақпараттық технологияларды дамытып, оны одан әрі қолдану бәсекеге қабілеттілік деңгейін және халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыруға зор мүмкіндік беретіні сөзсіз», - делінген ведомство мәліметінде.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже