Ақтөбеде Ресейден келе жатқан автобуста 63 жастағы ер кісі кенеттен көз жұмды

05 қараша, 15:00

Полиция қызметкерлері марқұмның денесін Қарабұтақ медициналық-құтқару бекетіне жеткізген. Көз жұмған егде жастағы ер кісі Тәжікстан азаматы, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

«5 қараша күні сағат 06:40-та полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматын медициналық-құтқару бекетіне жеткізді. 63 жастағы Хучамурод Баеновтың өлім себебі анықталып жатыр. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі анықталмады. Ол Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобус ішінде болған. Автобус іші жылы, үсіп кетуі мүмкін емес», -деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбеде қатты соққан бораннан бірнеше көлік қар құрсауында қалып, 132 адам эвакуацияланды. Оқиға "Самара-Шымкент" тас жолында орын алды.

63 жастағы ер кісі көз жұмған автобус Ақтөбенің Ырғыз ауданында жолдың ашылуын күтіп тұрған.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже