Атырауда полиция департаментінің бастығы ақыры қызметінен кетті

21 мамыр, 08:30

Атырау облыстық полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен қызметтік этиканы бұзғаны үшін А. .Дүйсембаев Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін желіде полиция басшысының сыйлыққа ат мініп жатқан видеосы тарап кеткен болатын.

Бұл жайт ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарын аударды.

"Тұрғымбаевқа Атырау облыстық полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады", - деп жазған еді Президент Twitter желісіндегі парақшасында.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже