Атыраудағы қонақүйде болған өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

17 маусым, 14:25

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өрт оқиғасынан зардап шеккендердің жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Жедел медициналық жәрдем бригадалары облыстық ауруханаға 3 адамды жеткізді. Соның екеуі Оралдан келген спортшы балалар, тағы бірі - 42 жастағы әйел. Оларға ыс тиген. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді. Балалар ауруханадан шығарылды. Әйелдің жағдайы тұрақты, ем-домын алып жатыр, өміріне төнген қауіп жоқ», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Кеше түнде Атыраудағы қонақүйдің төменгі қабатында монша өртенген болатын. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 3 баланы құтқарып, 31 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, олардың 29-ы - бала. Балалар Орал қаласынан жарысқа келген.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже