Айгүл Қапбарова Сенат депутаты ретінде ант берді

04 шілде, 11:12

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарованың ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», - деді А. Қапбарова.

Дариға Назарбаева жаңа сенатор әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде жұмыс істеуге ниет білдірді деді. Палата депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Айгүл Қапбарова-1975 жылы туған. "Шымкент келбеті" және "Панорама Шымкента" газеттерінің директоры - бас редакторы, Nur Otan партиясының мүшесі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже