Қазақстан халқының саны бір жылда қаншаға өсті?

14 маусым, 17:04

Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ел тұрғындарының саны 18 млн 468 мың 900 адам болды. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 239 900 адамға көп. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қалалық аумақта тұратын қазақстандықтар саны 10 млн 751,4 мың адамды (жалпы халық санының 58,2 пайызы) құраған. Ал ауылды жерлерде тұрып жатқан тұрғындар саны 7 млн 717,5 мың адамды құраған.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларының аралығында Қазақстанға келушілердің саны 10,8 пайызға азайып, елден кеткен азаматтардың саны 23,4 пайызға артқан. Келушілер мен кетушілер санында көп цифр ТМД елдеріне қатысты болып отыр. ТМД-дан келген және кеткендердің үлесі 83,4 пайыз және 89 пайызды құраған.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже