Қазақстанға Ресейден 400 литр алкоголь заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

07 қараша, 14:10

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері Volvo маркалы автомашинасымен Ресей Федерациясынан Солтүстік Қазақстан облысының аумағына 4 литрлік пластикалық канистрларға құйылған 400 литр мөлшерінде алкоголь өнімін әкелу фактісін анықтады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Мамлүт ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тақырыптық тексеру шеңберінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 282-бабының 3-тармағы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Тәркіленген алкоголь өнімдері сот шешіміне дейін сақтау қоймаларына орналастырылды.

Атап өтерлігі, жыл басынан бері Қазақстанда «Жаңа жол», «Қызылжар», «Бидайық», «Қарақоға» автомобиль өткізу бекеттерінде Қазақстан шекарасында экспорттық бақылауды жүзеге асыру кезінде СҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері тыйым салынған тауарларды әкету фактілерінің жолын кесті. Олар:

- қара және түсті металл сынықтары бойынша 390,7 тонна мөлшерінде 52 факті;

- макулатура бойынша 19,9 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- ІҚМ терісі бойынша 21,0 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- мұнай өнімдері бойынша 3,7 мың литр көлемінде 10 факті.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже