Қазақстанда Білім және ғылым министрі тағайындалды

13 маусым, 12:10

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Білім және ғылым министрі болып Асхат Қанатұлы Аймағамбетов тағайындалды.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары екі білімі бар. 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болды. Сонымен қатар Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы да қызметін атқарған.

2019 жылдың 17 қаңтарынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып, әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысты. Әкім орынбасары қызметіне дейін ол Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің бас педагогы қызметін Күләш Шәмшидинова атқарып келді. Ол бұл қызметте көп отырмады, ағымдағы жылдың қаңтарында министр болып тағайындалған болатын.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже