Қазақстанда ДАИШ-пен байланыста болған 14 әйел жазасын өтеуде

21 маусым, 15:00

ҚР ҰҚК діни экстремизм және терроризммен байланысты қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан әйелдер туралы фильм түсірді, деп хабарлайды today.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

14 қазақстандық әйел ДАИШ-пен байланысы және діни экстремизм мен терроризмге байланысты қылмыстар жасағаны үшін колонияларда жазасын өтеуде. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі олар туралы "Цветы в оковах" деп аталатын деректі фильм түсірді.

Фильмнің басты кейіпкері ДАИШ халықаралық террористік ұйымының рекруттары мен жауынгерлерінің ықпалына қалай тап болғанын айтады. Сондай-ақ, фильмде психологтардың, теологтардың, Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің пікірлері келтірілген.

Әзірге желіде құжаттық таспаның аңдатпасы ғана бар.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже