Қазақстанда көлік жүргізу куәлігін алу жеңілдей түсті

19 тамыз, 17:00

Көлік жүргізуге арналған куәлікті алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер еніп отыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлады. ​

«Енді жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Яғни, терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ, қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», - делінген хабарламада.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексеруге болады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже