Қазақстанда шілденің ортасында 45 градусқа дейін ыстық күтіледі

09 шілде, 10:00

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында ауа температурасы жоғары болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктер шілденің екінші онкүндігінен бастап елімізде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі деп болжауда.

"Шілдеде синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруі болжанып отыр: антициклондардың батыстық басып кіруі оңтүстік циклондардың шығуымен ауыстырылады", — делінген "Қазгидромет" РМК болжамында.
Бірінші онкүндіктің соңына қарай температура біртіндеп көтеріледі, деп хабарлайды синоптиктер.
Екінші және үшінші онкүндіктерде термометрлер солтүстік, орталық және шығыста түнде +10...+15 ºС-тан +15...+20ºС — қа дейін, күндіз +25...+30ºС-тан +30...+38ºС-қа дейін, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен батысында түнде +15...+20ºС-тан +20...+30ºС-қа дейін, күндіз +30...+38ºС-тан +35...+45 жылуға дейін төмендейді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже