Қазақстандық ғалымның кітабы Қытайда жарық көрді

22 тамыз, 12:30

Әлемдегі ең ірі Бейжің халықаралық кітап көрмесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудің математикалық әдістері мен модельдері» атты кітабының қытай тілінде тұсау кесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Монография Жэньминь университетіндегі ҚХР-дің жетекші баспасында жарық көрді. Бұл шараға ҚКП ОК-нің насихаттау бөлімінің вице-министрі Цзян Цзяньго, Жэньминь университетінің ректоры Лю Вэй, ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы Қаламқас Дүзбаева, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, белгілі ғалымдар мен мамандар қатысты.

«Біз профессор Ғалым Мұтановты Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының басшысы ретінде ғана емес, әлемге танымал ірі ғалым ретінде де білеміз. Бүгін таныстырылып отырған оның ғылыми еңбегі бірнеше тілде басылып, халықаралық деңгейде жоғары баға алған. Енді бұл кітап қытай тілінде жарық көріп отыр. Оның зерттеуінің өзектілігі, инновациялық тәсілі және көп қырлылығы ғылыми қоғамдастық үшін ғана емес, сонымен қатар Қытайдың практиктері мен басшылары үшін де сөзсіз үлкен қызығушылық тудырады», – деп атап өтті Жэньминь университетінің ректоры Лю Вэй.

Қазақстандық ғалымға ғылыми жетістіктерінің танылуының белгісі ретінде сертификат табысталды.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже