Қазақстандықтар темір жол билетін қайтарғаны үшін енді айыппұл төлемейді

21 тамыз, 18:00

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов «Қазақстан темір жолы» АҚ бас ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Жаңа ережелерге сәйкес, жолаушының жол жүру билетін қайтарғаны үшін төленетін 1000 теңгені құрайтын айыппұл алынып тасталды. Бұл норма алыпсатарлардың жаппай билет өткізу жағдайларын төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Едіге Мыханов.

Сонымен бірге, заңды тұлғалардың топтық тапсырыс беруінде қайтарылмайтын депозит көлемі жалпы жол жүру құнының 30% құрамақ.

«Бұған дейін заңды тұлғалардың бір орынды резервке қоюына 290 теңге алынатын. Кемінде 10 адамға топтық билет алуда заңды тұлға жол жүруге 6 күн қалғанша тізімнің тең жартысына дейін өзгеріс енгізе алады. Бір тәулік қалғанша билетті өткізсе - толық құны қайтарылады. Бір тәуліктен азырақ уақыт қалса - 30 пайызы, 6 сағаттан кем уақыт қалса - 50 пайызы ұсталады», - деді ол.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже