Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

29 шілде, 12:00

Бұл туралы "Казгидрометке" сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

29 шілде күні таңертең және күндіз Түркістан облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Кей жерлерде құмды дауыл, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м / с.

Көкшетауда күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м / с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м / с.

Петропавлда күн күркіреп, күндіз дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оралда күн күркіреп, солтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже