Қазгидромет ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады

26 тамыз, 18:00

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2019 жылғы 26-шы тамызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультация жариялады, деп хабарлады Elitar.kz.

Республиканың басым бөлігі циклон және соған байланысты фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, желдің күшеюі күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік және шығыстың кей жерлерінде тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік, шығыс және орталық антициклон әсерінде болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл, күндіз кей жерлерде найзағай болады.Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже