Қазығұрттық кәсіпкер 10 отбасыға баспана сыйлады

06 маусым, 16:05

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, кәсіпкер – Сырым Ертаев қасиетті Рамазан айында 500 отбасыға азық-түлік үлестіріп, тұрмысы төмен отбасыларына 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетті.

Ол өз есебінен 2017-2018 жылдары Алтынтөбе ауыл округінің тұрмысы төмен 2 отбасына, Қарабау ауыл округінен 3 жанұяға, Жаңабазар ауыл округінен 2, жалпы 7 отбасыға үй салып берген.

Және биылғы жылы да бұл қайырымдылық ісін жалғастыра отырып жуық арада Жігерген ауыл округінен 1, Қазығұрт ауыл округінен 2, жалпы 3 жанұяға баспана тарту етпек.

Барымен бөлісуді мұсылмандық борышы деп ұғынған жаны жомарт жан осылайша ізгілік жасауды дәстүрге айналдырған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже