Балабақшада баланы тепкен тәрбиеші жұмыстан кетті

19 маусым, 10:00

​Атыраудағы мамандандырылған балабақшада тәрбиеші баланы соққыға жыққан. Бақылау камераларынан алынған видео желіге түскеннен кейін жанжал шығып, әйел жұмыстан кетті.

Кадрларда тәрбиеші баланы ұрып, артынша аяғымен тепкені көрінеді.

"Қалалық білім бөлімі тәрбиешінің мінез-құлқы үшін кешірім сұрайды, сондай-ақ педагогикалық этиканы бұзғаны үшін, балалар мекемесінің тәрбиеленушілерімен дөрекі қарым-қатынаста болғаны үшін тәрбиеші жұмыстан босатылды", - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже