Қаржы министрлігі күдікті сериялық нөмірі бар банкноттарды анықтады

28 шілде, 14:25

Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті жалған купюраларды анықтаған ер адам түсірген видеоға талдау жүргізді. Онда бес мың теңгенің жалған ақша екені айтылады. Мамандар аталған видеода көрсетілген банкноттың ВВ 5547994 сериялы нөмерін анықтады. Айтуларынша, мұндай сериялы бес мың теңгелік купюра бұған дейін жалған ақша ретінде тіркелген.

Осыған орай комитеттегілер қазақстандықтардан осындай банкноттар туралы ақпаратты тәуліктің кез келген уақытында Экономикалық тергеу қызметінің 8 (7172) 70-98-20 телефонына хабарлауын немесе Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі №10 мекен-жайына келуін сұрайды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже