Бегзат Саттарханов туралы фильм жарыққа шықты

04 шілде, 13:00

Нұр-Сұлтанда "Бекзат" көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картинаның басты кейіпкері Сиднейдегі Олимпиада ойындарының чемпионы Бекзат Саттарханов, деп хабарлайды Elitar.kz.

Картинаның режиссері - Мұрат Бидосов, сценарист - Сержан Закерұлы.

Фильмнің сюжеттік желісі Бекзаттың өмірінің үш кезеңін қамтиды - балалық шақ, қалыптасу кезеңі және соңғы сәттер.

Естеріңізге сала кетейік, 1999 жылы Саттарханов Ташкентте өткен Азия чемпионатында күміс медаль алып, Австралияда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды. 2000 жылы Сиднейде ол алтын медаль жеңіп алды.

Фильмнің түсірілімі Түркістан, Алматы және Ыстамбұлда өтті. Басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов ойнайды. Сонымен қатар, картинада Ғалымбек Оспанов, Мұрат Жарылқасынов, Майра Мақұлбекова, Дулыға Ақмолда, Қуаныш Мұқатай, Бақдәулет Шаймахан және т.б. актерлер ойнайды.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже