Бейбіт Исабаев Президенттің Парламенттегі өкілі болып тағайындалды

19 шілде, 15:00

​Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы болып Бейбіт Исабаев болды,деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен Қазақстан СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. Еңбек жолында БАҚ саласында жұмыс істеген.

1994-1997 жылдары Алматы әкімінің орынбасары;

2002-2003 жылдары Қазақстаннан "Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші;

2003-2006 жылдары Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі;

2006-2008 жылдары Қазақстанның Түркия мен Албаниядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы;

2008 жылы Мәдениет және ақпарат вице-министрі;

2008-2009 жылдары Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы;

2009-2015 жылдары Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі;

2015 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісі болған.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже