Жұмыссыз азамат алаяқтарға 200 мың теңге берген

18 шілде, 18:58

​Ер адам шетелде жұмыс істеу үшін бейтаныс адамға 200 мың теңге берген, деп хабарлайды elitar.kz Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттік аңғал азамат табыс табамын деп, соттан бір-ақ шықты. Ол алаяққа берген ақшасын өндіріп алмақ.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел - тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

ҚР ҚІЖК 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат тергеу мүддесі бойынша жария етуге жатпайды.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже