БҚО-да зорлықпен өлтірілген 51 жастағы ер кісінің денесі табылды

08 қараша, 13:10

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында орын алған.

"5 қараша күні шамамен сағат 16.10-да үйлердің бірінен зорлықпен өлтірілген (пышақ жарақаты) 1968 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1977 жылғы Н. деген азамат анықталды. Күдікті ұсталды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына сәйкес (кісі өлтіру) тергеу амалдары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бірнеше адам қосылып арақ ішкен" делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже