Бомба туралы жалған хабар берген қаскүнем ұсталды

07 тамыз, 18:30

2019 жылдың 3 тамызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының плиция басқармасына қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен болатын, деп хабарлайды Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Аталған жайт бойынша шұғыл әрекет ету қызметі шықты. Сауда орталығының аумағы қоршалып, келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланды. Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында жарылғыш заттар табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жалған хабар берген күдікті анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже