Бір үйден 2 бірдей ұялы телефон ұрлап сатқан күдікті ұсталды

29 шілде, 13:00

Ұрылардың ұялы телефон жымқыруға деген құлшынысының себебі, оны бүтіндей немесе бөлшектеп сатуға тиімді, дейді ТО ПД баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 20-шілдесі күні Сарыағаш АПБ-нің учаскелік полиция инспекторына «ұрланған телефон сатып жүр» деген ақпарат келіп түседі. Сатып алушымен сөйлесу барысында күдіктінің түр-тұлғасы, кім екені анықталып, іздестіру шаралары жүргізіледі. Нәтижесінде, бір үйден арасына 1 айдай уақыт салып 2 телефон ұрлаған жергілікті тұрғын аудан көшелерінің бірінен ұсталды.

Полицейлердің анықтауынша, 2 ұялы телефоны ұрланса да, жәбірленуші тәртіп сақшыларына арызданбаған. Есесіне полицейлер ашық тұрған терезе арқылы ұрланған телефондарды заңды иесіне қайтарды. Күдікті қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде ұшты-күйді жоғалған телефонын таппай, енді жоққа санап жүрген тұрғын 2 ұялы телефонын тауып берген полицейлердің қырағылығына ризашылығын білдіріп, алғысын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже