Ұзақ жұмыс күні денсаулыққа қауіпті

21 маусым, 16:35

Тәулігіне 10 сағаттан астам жұмыс істейтін адамдардың инсульт қаупі жоғары екенін Франциядағы Анже университетінің ғалымдары анықтады.

Ірі масштабты зерттеуге 18-ден 69 жасқа дейінгі 143 592 адам қатысты. Бұл ретте еріктілердің жасы ғана емес, темекі шегу сияқты зиянды әдеттер де ескерілді, сонымен қатар олардың жұмыс күнінің ұзақтығы да ескерілді. Мұндай жұмыс күндерінің саны жылына 50-ден кем емес болған жағдайда ұзақтығы он сағаттан асатын жұмыс күнінің денсаулыққа әсер етуі қарастырылды. Толық емес жұмыс күні жұмыс істеген немесе зерттеу басталғанға дейін инсульт алған адамдар зерттеуден шығарылды.

Мидың қан айналымының жіті бұзылуынан 1224 адам зардап шекті. 42 542 адам 10 сағаттан артық жұмыс істеген, ал 14 481 он жылдан астам уақыт бойы осылай ұзақ жұмыс істеген. Ғалымдар сағаттар бойы жұмыс істеген адамдарда инсульт қаупі 29 пайызға жоғары болғанын анықтады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже