Дәурен Абаев: Биыл 43 телехикая эфирге шығады

11 қыркүйек, 12:00

Бұл туралы Astana Media Week-тің сериалдық өнімдерді әзірлеу және шығару тақырыбына арналған жалпы отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Медиа саласындағы азаматтар мұны жақсы біледі. Сонда да айтып өтейін, телесериалдар бюджет есебінен қаржыландырылады. Жалпы, 2016 жылы мемлекеттік тапсырыспен 16 сериал түсірілді. Осы жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай артты. Мысалы, биыл 43 телехикая эфирге шығады деп жоспарланып отыр. Үш есе өскен», - деген министр тек мемлекеттік ғана емес, жекеменшік арналарға да көп көңіл бөлеміз.

Өз сөзінде Дәурен Абаев 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жекеменшік телеарналар мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 47 сериал түсіргенін атап өтті.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже