Экс-шенеунік Ислам Әбішке қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын

09 қыркүйек, 19:00

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішевке қатысты қылмыстық іс бойынша пікір білдірді.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің салалары жемқорлық тәуекелдеріне айтарлықтай жақын. Өкінішке қарай, біздің тәжірибеде де аталған салалардың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды. Өздеріңіз білетіндей, Су ресурстары комитетінде де айтарлықтай салмақты құқықбұзушылық анықталған болатын. Қазіргі уақытта аталмыш комитеттің төрағасы тергелуде. Пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталуға жақын қалды. Сот бұл іске жақын арада нүкте қояды», - деді Олжас Бектенов.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың наурызында Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынған болатын. Оған жемқорлыққа қатысты айып тағылып отыр.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже