Енді кез клеген қазақстандық денсаулығына қатысты ақпаратты электронды портал арқылы біліп отырады

26 шілде, 15:09

Денсаулық электронды паспорты пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты. Сервистің бұл режимі eGov.kz "Электронды Үкімет" порталында іске қосылған.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әрбір қазақстандық порталға кіріп, өзінің медициналық жазбаларын көре алады.

"Сіз қандай медициналық ұйымдарда қызмет көрсетілгеніңізді, бүгінгі күнге дейін сізге қандай рецептілер тегін жазылып, яғни, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің бүкіл пакетін тексере аласыз. Біз көп жылдан бері дәрі-дәрмектерді есепке алу, ауруханалардағы қағазсыз іс жүргізу үшін түрлі ақпараттық жүйелерді дамытудамыз", - деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, деректер жеке ақпараттық жүйелерде, жеке серверлерде жинақталды. Бұл әрбір азамат осы жазбаларды өзі көріп, бақылап отыру үшін жасалды.

"Ең бастысы, нақты не болып жатқаныннан хабардар болу. Бұл пилоттық режим, яғни, бүгінгі күнге дейін әрбір азаматтың қолында болған барлық жазбалар сол жерде қолжетімді болады. Жаңа жылдан бастап электрондық паспорттар онлайн режимінде жаңартылады. Яғни, егер адам емханаға немесе ауруханаға барса және жазбалар электрондық нысанда жүргізіліп жатса, онда бұл жазбаның нақты деректері адамның электрондық паспортында көрінеді. Ең алдымен, бұл біздің медицинамыздың транспаренттілігін, мемлекет алып отырған шығындардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет", - деді Денсаулық сақтау министрі.
Электрондық паспорт ауруханалар мен емханаларда жүргізілетін құжаттардан жинақталады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже