Эльмира Суханбердиеваның 4 жасар ұлы көз жұмды

26 шілде, 11:00

Бұрын Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ұлы көз жұмды.

ҚР Білім және ғылым министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкенованың мәліметінше, Суханбердиеваның ұлы Алматыда оқыс оқиға кезінде көз жұмған. Бүлдіршіннің нақты неден қайтыс болғаны айтылмайды. Қара жамылған экс-шенеуніктің әріптестері, туған-туыстары мен білім саласы ұйымдарының басшылары марқұмның отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Естеріңізге салсақ, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық әрекетімен күдікке ілінді. Жуырда ғана Есіл аудандық сотында экс-шенеунікке қатысты сот үкімі шықты.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже