«FlyArystan» ұшағы Шымкентте жете алмай, Алматыға қайта қонды

14 қыркүйек, 17:19

Алматы-Шымкент бағытында ұшып келе жатқан қазақстандық FlyArystan әуе компаниясының борты ақау салдарынан ұшу әуежайына қайта оралды. Бұл туралы рейс жолаушысының әлеуметтік желіге жазған жазбасынан белгілі болды.

Жолаушы әйел азаматының айтуынша, ұшу уақытының 30-минутында жолаушыларға техникалық себептерге байланысты ұшақты Алматыға қайта қондыруға тура келгені туралы айтылған. Бортта 150-ден астам жолаушы болған.


«FlyArystan» әуе компаниясы әзірге бұл оқиғаға қатысты ешбір пікір білдірмеді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже