Шымкенттегі аудандық сотта фронт-офис ашылды

27 қыркүйек, 17:00

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов пен Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Әл-Фараби аудандық сотының фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына қатысты.

Іс-шараға Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков, қала, аудан судьялары және сот Әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Бәйтілесов, прокурорлар, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Жаңа фронт-офис халыққа қызмет көрсетудің қазіргі заманғы стандарттарын ескере отырып, ұйымдастыру техникасымен жабдықталған кең зал. Бұл жерде медиаторлар, адвокаттар және тараптардың іс материалдарымен танысу үшін үш жеке кабинет құрылған. Кеңсе ашық кеңістік "кедергісіз принцип" бойынша тыныш, ашық түсті хай-тек стиліне сай келеді. Бұл сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз етуге бағытталған. Кіріс кеңсе аймағында сотқа келуші қажетті құжаттарды сотқа жолдай алады.

Кеңсе қызметкерлері әрбір келушіні мұқият тыңдап қарсы алады, сондай-ақ олар медиаторға немесе адвокатқа жүгіну мүмкіндігі туралы кеңес береді. Медиаторға, адвокатқа және прокурорға арналған кабинеттердің дизайны ерекше ойластырылған.
Фронт-офис кеңсесін ашудағы мақсат сотқа келуші әрбір азаматқа ыңғайлы жағдай жасау болып табылады.

Айта кетейік, мұнда кәсіби медиаторлар қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ қалалық сот пен адвокаттар алқасы арасында түзілген меморандумға сәйкес кезекші адвокат та қызмет көрсетеді.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже