Германия билігі FaceApp-ты қолдану қаупі туралы ескерту жасады

19 шілде, 12:30

ГФР үкіметінің деректерді қорғау мәселелері жөніндегі уәкілі Ульрих Кельбер Германия тұрғындары үшін FaceApp ресейлік қосымшасын пайдаланудың қаупі туралы ескертті. Бұл туралы ол SWR радиостанциясы эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды tvrain.ru.

Кельбер "Дербес деректер бөтеннің қолына түсуі мүмкін" деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ, қосымшаны әзірлеуші кім екені белгісіз деді. Сонымен қатар, қолданбаны пайдалану кезінде қандай деректер пайдаланылатыны түсініксіз.

Бұған дейін осындай қауіпті Сенатта АҚШ Демократиялық партиясының көшбасшысы Чак Шумер айтқан болатын. Ол Петербургтен құрылған wireless Lab қосымшасы басқа елдердің биліктегілеріне жеке деректерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп мәлімдеді. Осыған байланысты Шумер ФБР мен Федералдық сауда комиссиясынан жағдайды анықтап, тиісті шаралар қабылдауды сұрады.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже