Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы болып тағайындалды

14 маусым, 13:15

​​Алик Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалды. Мемлекет басшысы оны тағайындау туралы Жарлыққа бүгін қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын", делінген Жарлық мәтінінде.
Алик Шпекбаев бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған.
Алик Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.
1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары - МБББП бастығының орынбасары, жеке адамға қарсы қылмыстарды ашу басқармасының бастығы қызметтерін атқарды;

2000-2003 жылдары-Алматы облысы ІІБ бастығы;

2003-2008 жылдары-Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі;
2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;
2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;
2016 жылғы 12 қаңтардан бастап 28 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары;
2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;
2017 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
ІІ дәрежелі "Даңқ", ІІ дәрежелі "Айбын" және "Парасат" ордендерімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл", "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ ведомстволық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрметті қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы.
Үйленген, қызы және екі ұлы бар.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже