Гонконгтағы тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстан СІМ ескерту жасады

15 тамыз, 16:30

"Гонконгтағы (ҚХР) жағдайдың шиеленісуіне байланысты және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулдығы біздің азаматтарға қалада қалыптасқан төтенше жағдайларды ескеруді ұсынады. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, жиналыстарға, демонстрацияларға қатыспау, қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен БАҚ-тың жағдайдың дамуы туралы хабарламаларын қадағалау ұсынылады", - делінген ресми хабарламада.

Гонконг әуежайындағы әуерейстерінің жиі кідіруіне байланысты, әуежайға шығар алдында рейстің уақытын алдын ала тексеру қажет.

"Төтенше жағдай туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша консулмен дереу хабарласуларыңызды сұраймыз +852 5689 6282, +7 778 001 6442 (WhatsApp)", - деп қорытты ҚР СІМ.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже